18.06.2015ж.
18.06.2015ж.

Бүгін мен өзімді Марфуға Шапиянның блогына жазған ғибратты оқиғасындағы қарт ақсақалдың жеміс ағашындай сезініп отырмын. Алланың қалауымен ауыз бекітіп, ішкі жан дүниемдегі толассыз жауған нәпсінің "жемісі" өзінен өзі тыйылғандай. Кешегі Бақыт пен бүгінгі Бақыттың айырмашылығы жер мен көктей. Аузымды бекітіп, бүкіл арам ойдан, сөзден сап тыйыла қалғанымды сезініп отырмын. 

Қызылжар қаласы әдетте, ақ қайыңымен жайқалып өскен сары бидайымен және салқын ауа райымен белгілі. Биылғы жаз да үйреншікті салқын болуы тиіс көрінген. Бірақ Құдайдың жазғаны басқа. Кешеден бері күн күрт ысып кетті. Кеше кешке ауа температурасы 33-38 градусты көрсетіп тұрды. Кеше даладан шөлдеп келген мен: "Іштей мына түріммен қалай ауыз бекітпекпін?" дедім. Бүгін де +29 градусты көрсетіп тұр. Бірақ Алла өзі жеңілдігін берді. Шөлдеп тұрмағандаймын. Қарным да тоқ сияқты. 

 Қызылжарда 19 сағат бойы ауыз бекітеді екен. Сәресін ауыз ашқан соң, 5 сағаттан кейін ішеді екенбіз. Алматымен салыстырғанда ұзақтау.   Ең бастысы ол емес. Аузыммен бірге тілім де, ойым да, нәпсім де ағаштай ораза тұтуда. Соған Аллаға шүкір деймін.

17.03 сағ. 

 

Бақытжан ЖолдасқызыБақытжан Жолдасқызы
9 жыл бұрын 3015
7 пікір
  • Алла ораза ұстаушыға жеңілдігін береді.
    9 жыл бұрын
  • Оразаларыңыз қабыл болсын!
    9 жыл бұрын
  • осылай бөлісе отырсаңыздар... әрине, Алламен арадағы сырды жайып салу дегендік емес бұл, керісінше өзіңіз не сезіндіңіз? соны жеткізсеңіз де - өзгелерге демеу болар еді
    9 жыл бұрын
  • Маған әрбір нәрсе: "Сен бүгін оразасың" деп жейтін ештеңке бергісі келмей тұрған сияқты. Өзімізге жақын, тоңазытқыштың өзі мені ашып қайтесің, әлі уақыт болған деп тұрғандай)))
    9 жыл бұрын
  • Ал мен мүлдем қиналып жатқан жоқпын. Өзімді программалап қойдым)))
    9 жыл бұрын
Блог туралы